14-ші маусым – бүкіләлемдік донорлар күні. Бұл мереке әлем елдерінде 2005-ші жылдан бері тойланып келеді. Сол жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы маусым айында донорлар күнін атап өту туралы шешім қабылдаған болатын. Айтулы мереке күні Маңғыстау облыстық қан орталығының мамандары мерекелік іс-шара өткізіп, өңірдің белсенді донорларын марапаттады.