Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болды.
Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты.
Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтереріне біздің ешқандай күмәніміз жоқ.
Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірменді жерлестер!
Игі ниетпен, облыстық қан орталығының басшысы
Сарсамалиев Рафаэль Василович!