КАК ДОНОРСТВО ВЛИЯЕТ НА ЗДОРОВЬЕ: МИФЫ И ПРАВДА О ДОНОРСТВЕ
Донор болудың адам денсаулығына әсері: донор жөнінде жалған мен шындық.
Көптеген адамдар донор жөнінде түсінбейді, сондықтан жалған әңгімелерге сенеді.
№1 жалған Қан және оның компоненттерін тапсыру кезінде ауру жұқтыруы мүмкін. | Шындығында Қан тапсыру донор үшін қауіпсіз. Қазақстанның барлық қан орталықтары зарарсыздандырылған, бір рет пайдаланылатын құралдармен жабдықталған. Иньекцияға арналған құралдар донорлар көзінше ашылады және жойылады. |
№2 жалған Донор болу – ауыр процедура. | Шындығында Қан тапсыру – қарапайым шара. Мыңдаған донорлар 40 рет және одан да көп қан тапсырады. |
№3 жалған Қан және оның компоненттерін тапсыру ұзақ уақыт алады және қан құю орталығының жұмыс уақыты, өзге адамдардың жұмыс жасау уақытымен қатар. | Шындығында Қан тапсыру ұзақтығы 15 минут, ал плазма, тромбоцит тапсыру ұзақтығы 1.5 сағатқа созылады. Қан тапсырған күндерге анықтама беріледі. Мекемелер мен оқу орындарына «Донор күнін» ұйымдастыруға мүмкіндік бар. |
№4 жалған «Менің қан тобым көп тараған, менің қаным керек емес». | Шындығында Көп тараған қан тобы болса, ол науқас адамдардың арасында да көп болуы мүмкін.Барлық топтың қандары- үнемі қажет етіледі. |
№5 жалған Қанды тек жұма күні тапсыру керек, сенбі күні тынығу үшін. | Шындығында Қанды күнде жұмыс күні тапсыруға болады. Қан тапсырғаннан кейін арнайы ұзақ уақыт қажет етілмейді. Қан тапсырғаннан кейін 10-15 минут отыру қажет, ауыр физикалық күш түсуден сақтану керек. |
№6 жалған Донор болу зиян, үнемі қан тапсыру қан түзуді көбейтеді.Ол денсаулыққа зиян және қан тапсыруға тәуелділікке әкеледі. | Шындығында Донор болу- организмге зиян емес. Қан тапсыру тәуелділік туғызбайды. Себебі, адам табиғаты қан жоғалтуға бейімделген. Зерттеу нәтижелері бойынша, ұзақ уақыт қан тапсырған донорлар денсаулығынан ауытқулар байқалмаған. |
№7 Жалған Мен, тек төтенше жағдайда ғана қан тапсырамын. Мысалы: терракт, жол апаты, т.т. Бұл, жай күні қан тапсырғаннан маңызды. | Шындығында Қан жоғалтып жатқан науқас үшін әр минуты- өмірмен күрес. Апат айтып келмейді. Қан және оның компоненттерін тапсыру уақыт алады.Ал, қан кез келген сәтте керек. Сондықтан тұрақты донор болу , адамөмірін ұзартуға мүмкіндік. Тұрақты донор болу, сапалы қанға кепілдік. |
Ең, қауіпті жалған «Менің қатысым жоқ» | Шындығында Кез келген адамга донор қаны қажет болуы мүмкін. Статистика мәліметі бойынша, әр үшінші адам өмірінде қан құю қажеттілігі болады екен. |