Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына орай біздің ең жылы, шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Бұл мереке - көпұлтты Қазақстан өміріндегі орасан зор оқиға. Бүгінде біз еліміздің, Республикамыздың көк байрағының жоғары көтеріліп, халқымыздың сан ғасырлар бойы арманының жүзеге асқан күнінің жиырма алты жылдығын қарсы алудамыз. Халықтың бірлігін негізге ала отырып, барлық қиыншылықтарды жеңіп шықтық. Аз уақыт ішінде әлемдік аренада тұрақты да ілгері дамып келе жатқан мемлекет пайда болды. Бүгін Қазақстан Республикасы алыс, жақын шетелге аты әйгілі мемлекет. Біздің жомарт және қонақжай жерімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бірлікте, бейбіт және келісімде өмір сүруде. Біздің астанамыз бүгінде біздің мемлекеттілігіміздің нышаны, достық пен бірліктің кепілі, елдің артып келе жатқан беделінің көрсеткіші бола отырып, әлемдік өркениетте өзінің лайықты орнын алды!
Сіздерді шын жүректен осы мерекемен құттықтаймыз! Барлығыңызға амандық, бақыт, денсаулық, бейбіт өмір мен мейірім тілейміз! Еліміздің дамуы мен гүлденуіне қосып жатқан Сіздердің үлестеріңіз өсе түсетініне сенімдіміз. Қазақстан халқының бірлігі нығая түссін және Тәуелсіздігіміздің көк байрағы мақтанышпен желбіресін!