Мақсаты
Мақсаты - Облыс тұрғындарына жоғары клиникалық деңгейдегі трансфузиологиялық көмекпен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың толық қажеттіліктерін қанағаттандыратын инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіз қан компоненттерін өндіру.
· Ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкестендіру
· Қан қызметінде көшбасшы ұстанымын нығайту
· Донор алдында, ем алушылар, қызметкерлер алдында жауапкершілік
Міндеттер:
· Ақысыз ерікті донорлықты, еріктілер қозғалысын ұйымдастыру, мектебін құру. Донорларға барынша қолайлы жағдайлар жасау
· Тұрғындар арасында донорлыққа жарамдыларын анықтау, қан компоненттерінің белгілі түрлеріне трансфузиологиялық нормативтер енгізу, жылдық оптималдық донация мөлшерін жету
· Инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіз, жоғары сапалы, халықаралық стандартқа сәйкес қан компоненттерін дайындау. Ең озық технологияларды: аппараттық плазмотромбоцитоферез, лейкофильтрация, вирусинактивация және т.б. қолдану
· Иммунологиялық және өзге зертханалық зетттеулердің түрлерін көбейту, инновациялық технологияларды енгізу, иммуногематологиялық және гемотрансмиссивтік инфекцияларды зерттеулер нәтижелеріне кепілділік
· Адам фактордың әсерін азайту мақсатында Қан компоненттерін дайындау және оны инфекцияға зерттеу технологиялық процестерін автоматизациялау
· Барлық өндірілген қан және оның компоненттерінің сапасын бақылауды енгізу және емдеу тиімділігін, функционалды белсенділігін, биологиялық толыққандылық параметрлеріне қатысты өндірілетін өнімнің сәйкестілігін бағалау
Трансфузиологиялық көмектің қауіпсіздігіне, сапалығына және қолжетімділігіне бағытталған Қазақстан Республикасының біртұтас қан қызметі стратегисына қатысу.
· Облыстағы трансфузиологиялық қызметті бағыттау және бақылау
· Клиницистердің мүдделері мен Қан орталығы қызметінің үйлесімділігін, МҰ-дармен сабақтастықты нығайту
· Медициналық ұйымдарға Трансфузиология мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
· Донация және қан өнімдерін дайындауда ақпараттық бағдарламалық-техникалық қамтуды дамыту.
· Мамандардың кәсіптік деңгейін, біліктілігін арттыру және ғылыми-практикалық конференциялар, соның ішінде халықаралық деңгейлерде қатысу.