25-қазан – Республика күні ретінде бекітілді. 13 жылдан соң, 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітіліп, президент тиісті заңға қол қойды.
Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.
“Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек”, - деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында.